Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Марат Тәжин Азия қаламгерлерімен кездесті

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 17:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумына қатысушылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуге Нобель сыйлығының номинанттары Оңтүстік Корея қаламгері Ко Ын, катарлық Моза аль-Мальки, моңғолиялық Гомбожавын Мэнд Ооёо, Әзербайжан халық жазушысы Анар Расуыл Рзаев, Ресей жазушысы Анатолий Ким, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменов бастаған бір топ қаламгер қатысты.

Кездесу барысында Марат Тәжин форум еліміздің астанасында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтіп жатқанын айтты.

Мемлекеттік хатшы кездесуге қатысушылардың назарын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың форумда сөйлеген сөзінде айтылған негізгі тезистеріне және оларды іске асыру қажеттігіне аударды.

Қонақтар бірегейлі жоғары деңгейде және мазмұндық толыққанды ұйымдастырған шараға Қазақстан басшылығына, қазақстандықтардың жылы қабылдауына, сонымен қатар қызықты пікірсайыстарға ризашылық білдірді.

Кездесуге қатысушылар форум Азия елдерінің әдеби қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтатындығына сенім білдірді.


Жоғары қарай