Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Марк Цукерберг Facebook-тің жаңа дизайнын таныстырды

2019 жылдың 2 мамыр 2019 19:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таяу күндері Facebook сайтының жаңа дизайны пайда болады. Бұл жайлы осы әлеуметтік желінің негізін қалаушы Марк Цукербергтің өзі мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Facebook-тің жаңа дизайны - әлдеқайда қарапайым. Жалпы айтқанда, біз тұтынушылардың іздегенін оңай табуын жеңілдетіп, жиі қолданылатын тетіктерді ұсынатын боламыз», - деді Марк Цукерберг Калифорнияда өткен конференция барысында.

Әлеуметтік желіні ойлап табушының айтуынша, кейбір жаңартылған қызметтер Facebook-тің мобильді қолданбаларына енгізіліп үлгерген, ал компьютерлерге арналған нұсқасы алдағы уақытта пайда болады.


null

Сондай-ақ, әлеуметтік желі 15 жыл көлемінде қолданылып келген көк түсті фоннан бас тартпақшы. Жаңа нұсқада ақ түс фон ретінде таңдалынбақ.

Facebook әлеуметтік желісін 2004 жылы Марк Цукерберг және оның группаластары ойлап тапты. Ірі әлеуметтік желі тұтынушыларының саны бүгінде 2 млрд-тан астам. Оның қызметін күн сайын 1 млрд адам қолданады.

Автор: Ақбота Күзекбай

Басты сөздер: Қоғам, Әлем, Интернет,
Жоғары қарай