Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Маса шаққаннан кейін аллергия болса не істеу керек - маман пікірі

2019 жылдың 9 шілде 2019 17:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің директоры Сәдуақас Байғабылов маса шаққаннан кейін аллергия болса дәрігерге қаралуға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта елордада масаны улау үшін қолданылып жатқан дәрілер өздігінен адамда аллергия тудырмайды.

«Аллергия маса шаққаннан кейін пайда болады. Себебі маса шаққан кезде қанның ұюына кедергі келтіретін заты бар сілекейін, басқаша айтқанда адам ағзасы үшін бөгде ағуызды тері астына енгізеді. Дәл осы сілекей маса шаққан жерді қышытып, ол ісінеді, қызарады, кейде ауыр аллергиялық реакция туғызады», - деді ол.

Департамент басшысының сөзіне қарағанда, балалар бұл процесті жеңіл көтере алады.

«Бірақ, үлкендерге ауыр тиеді, бас айналып, жүрек айнуы мүмкін. Ересектерге алғашқы белгілері байқалған сәттен-ақ өзін-өзі емдеумен айналыспай бірден емханаға, дәрігерге жүгінуге кеңес беремін. Ол аллергияға қарсы сынама алып, сараптама жүргізуі тиіс. Бұл дәрі егу кезінде анафилаксиялық шок болмауы үшін жасалады. Сонымен қатар, ерсектер де, балалар да масаны үркітетін жақпамайды қолданғаны жөн», - деді С.Байғабылов.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай