Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Мәскеу маңында зейнеткердің 40 мың доллары мен 1 келі алтын шақалары ұрланды

2019 жылдың 8 наурыз 2019 19:53 842

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу маңындағы үйлердің бірінде тұратын зейнеткерден 40 мың АҚШ доллары мен салмағы 1 кг болатын алтын шақалар ұрланды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Ресей астанасының полиция қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік таратқан мәліметтерге қарағанда, зейнеткерге келтірілген шығынның көлемі 5 млн 700 мың Ресей рублін құраған.

Ұрлық 7 наурыз күні болған.

«Полицияға 1958 жылғы зейнеткер шағымданып, белгісіз біреулердің Жаңа Мәскеуде орналасқан үйінің терезесінен кіріп, 40 доллар мен алтыннан құйылған, салмағы 1 кг болатын коллекциялық шақаларды ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген жалпы шығынның көлемі  5 млн 705 мың 720 рубль болды»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Аталған оқиға бойынша полиция «Аса ірі көлемде ұрлық жасады» деген баппен іс қозғады.   

 

 

 

 

 

Жоғары қарай