Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Мәскеу түбінде Ми-8 тікұшағы құлап, экипаж түгел қаза тапты

2020 жылдың 20 мамыр 2020 01:44

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Мәскеу түбіндегі Клин ауданында Ми-8 әскери тікұшағы құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл мәліметті сейсенбі күні РФ Қорғаныс министрлігі журналистерге берген.

19 мамыр күні Мәскеу уақытымен 20:00 шамасында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде Клин елдімекенінен 20 км жерде Ресейдің Әуе-ғарыш күшіне тиесілі Ми-8 тікұшағы иен далаға құлады. Экипаж түгел қаза тапты», - деп хабарлайды ведомстводан.

Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сай, ӘҒК Бас қолбасшылығының комиссиясы оқиға орнына аттанды.

Алдын ала дерек бойынша, апат техникалық ақау салдарынан болған.

Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер: Ресей, Оқиға,
Жоғары қарай