Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Мәскеуде қазақстандық каратэшілер 4 медаль жеңіп алды

2019 жылдың 7 қазан 2019 08:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәскеуде каратэден Karate 1 Премьер-лига жарысы аяқталды. Қазақстандық каратэшілер бір күміс және үш қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Финалдық кезеңде қазақстандық Ермек Айназаров бес дүркін әлем чемпионы, әлем рейтингінде үшінші орында тұрған әзербайжандық Рафаэль Агаевпен кездесті. Өкінішке қарай, отандасымыз Ермек қарсыласына 1:0 есебімен есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдесіне ие болды. 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін қос қазақстандық спортшы бірге шықты. Дархан Асаділов пен Дәулет Шымырбеков арасындағы кездесу Дәулеттің еншісіне шешілді.

Сондай-ақ, 67 келіге дейінгі салмақта Дидар Әмірали грузиялық қарсыласын 8:0 есебімен жеңіп, қолаға қол жеткізді. Әйелдер құрамасынан 68 келiден жоғары салмақта сынға түскен Софья Берульцева түркиялық Хокалгу Мелтемді 7:4 есебімен жеңіп, ел қоржынына үшінші қола жүлдені салды.
Басты сөздер: Ресей, Спорт,
Жоғары қарай