Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Мәскеудегі қазақ студенттері Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылады

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 23:27 1405

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде білім алып жатқан қазақстандық студенттердің «Қазақ жолы» зияткерлік клубы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қолдауымен «Қазақтардың жолы - ұлт жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының, сонымен қатар оларды жүзеге асырудың негізгі бағыттарын саралап, жан-жақты талқыға салды.

Шара қатысушыларының пайымынша, «қазақ жолы» деген түсінік Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры», «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақалаларына негіз болып отыр.

Пікірталас барынша қызу өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылардың  барлығы да мақалалардағы негізгі басымдықтарға қатысты пікірлерін білдіріп, оны жүзеге асыруға қатысты ойларымен бөлісті.

РФ Үкіметіндегі Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының докторанты, заң ғылымдарының кандидаты Қазбек Дәуітәлиевтің атап өтуінше, Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры», «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»атты мақалаларында қазақ халқының әлемдік тарихтағы рөлі мен орнын айындайтын ең өзекті мәселелер көтерілген.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың 21 қарашысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды.

«Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ, қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара - бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек»,  - деп атап өтеді Мемлекет басшысы.

Автор: Медет Ахметов

Жоғары қарай