Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Мәулен Әшімбаев Ақтөбеде «Халыққа көмек» жобасымен танысты

2019 жылдың 29 наурыз 2019 18:07 752

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеге «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев келіп, көпбалалы отбасыға пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе келген «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев алдымен «Халыққа көмек» жобасымен танысты. Мұнда қоғамдық қабылдау бөлімінің, мемлекеттік қызметкерлер көпбалалы, мұқтаж отбасылардың сұрақтарына жауап береді. Мәселен, Ақтөбедегі бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесінің қызметіне 80-нен астам көпбалалы отбасы келді. Оның 30-дан астамына бірден көмек беріліп, сұрақтары шешілді. Дені тұрғын үй, жұмыспен қамту, материалдық көмек туралы сұрады. Кейін партия мүшелерімен кездесіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия съезде берген тапсырмаларын орындалу жайын айтты. «Бақытты отбасы», «Ауыл - ел бесігі», «Құтты мекен», «Халыққа көмек» жобаларын іске асырып, партиялық бақылауды күшейтуді тапсырды.


null 

Мәулен Әшімбаев өз сапары кезінде көпбалалы, жас отбасыларға пәтер беру шарасына қатысты.

«Елбасы халықтың әл-ауқатын арттыруды тапсырғаны белгілі. Осы бағытта соңғы жылдары біраз жұмыс атқарылды. Халықтың әл-ауқатын арттыру дегеніміз - жұмыспен қамту, жалақыны уақытылы беру, баспанамен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандардың қолжетімді етіп, білім беру, денсаулық сақтау жүйесін дамыту», - деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін еліміз бойынша 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер беріледі. Ақтөбе облысында 23 мың шаршы метр пәтер тапсыру жоспарланды. Тұрғын үй Ақтөбе қаласынан өзге Мәртөк, Хромтау аудандарында салынады. Жергілікті бюджет есебінен Қобда, Мұғалжар, Ойыл аудандарына 60 пәтер салынады.


null 

«Жас отбасы» бағдарламасы аясында бүгін баспаналы болдым. Үш баламыз бар, өзім жалпы тәжірибелі дәрігер болып еңбек етемін. Отбасымызда еш кезекке тұрмай, Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ақша жинап, осындай қуанышқа кенелді», - деді  қала тұрғыны Инияз Есенғалиева.

Ақтөбеге келген «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мүгедектерге арнап, арнайы жасақталған коворкинг орталығының ашылуына қатысты. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар жиналып, бос уақытын тиімді өткізе алады. 

 

 

Жоғары қарай