Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Мәулен Әшімбаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

2019 жылдың 15 маусым 2019 15:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Медицина қызметкерлері күніне орай «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 қалалық балалар ауруханасына арнайы барып, дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл жөнінде партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Аталған мекеме - елордадағы ең маңдайалды денсаулық сақтау нысандарының бірі. Заманауи көпбейінді клиникалық орталық бірегей қондырғылармен жабдықталған. Мұнда науқастарға шұғыл және жоспарлы түрде жоғары сапалы медициналық көмек көрсетіледі. Бұл ауруханада жұмыс істейтін мамандар да білікті, білімді, өз істерінің нағыз шеберлері.

Бас дәрігер Біржан Досмайыловтың айтуынша, олардың арасында әлемнің алдыңғы қатарлы клиникаларында біліктілігін арттырып, мол тәжірибе жинап келген дәрігерлер де бар. Ауруханада 13 клиникалық және 8 параклиникалық бөлім тұрақты жұмыс істейді.

Нысанның жұмыс барысымен танысқан Мәулен Әшімбаев ақ халатты абзал жандарды партияның және партия Төрағасының атынан кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына жеміс тіледі.

- Елбасымыздың саясатының арқасында елімізде денсаулық сақтау саласы жүйелі түрде дамып келеді. Оған жыл сайын ашылып жатқан жаңа медициналық мекемелер дәлел. Осы маусым айынан бастап сала мамандарының жалақысы да өсті. Мұның барлығы мемлекет тарапынан жүзеге асырылып келе жатқан игі бастамалардың нәтижесі екені сөзсіз, - деді Мәулен Әшімбаев.



null

Сондай-ақ партия Төрағасының Бірінші орынбасары еліміздің саяси өміріндегі оқиғаларға назар аударып, өткен сайлаудың маңызына тоқталды.

- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлді. Дәрігерлердің мәртебесін көтеруге де баса мән берілгені белгілі. Сондықтан алдағы уақытта медициналық қызметтің сапасын арттырып, халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар қолға алынады, - деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол алдағы уақытта бұл жүйеге жұмсалатын шығынды тұрақты негізде арттырып, ІЖӨ-нің 5 пайызына дейін жеткізу көзделіп отырғанын айтты. Бағдарламада сапалы медициналық қызметті қала мен ауылда бірдей қолжетімді ету, еліміздің барлық аймағында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қамтамасыз етіп, денсаулық сақтау саласын толық материалдық-техникалық жабдықтау сияқты нақты шаралар қарастырылған. Одан бөлек, саламатты өмір салтын насихаттап, білікті дәрігерлер дайындау ісіне де үлкен көңіл бөлінген.

Мәулен Әшімбаев денсаулық сақтау ісін жақсартуға «Nur Otan» партиясының да үлес қосып, бұл бағытта белсенді жұмыс істейтініне тоқталды.

- Халықтың денсаулығын жақсартып, саламатты ұлт қалыптастыруға біздің партиямыз да баса мән беріп отыр. Сондықтан алға қойған осындай нақты мақсаттарымызға қол жеткізу үшін бәріміз жұдырықтай жұмылып, Елбасымыз бен Президентіміз жүктеген міндеттерді бірлесіп орындауымыз керек, - деді ол.

Дәрігерлер демалыс күніне қарамастан арнайы келіп, өздерін құттықтаған партия өкілдеріне ризашылықтарын білдірді.

- Билік тұтқасын ұстап жүрген азаматтардың ортамызға келіп, кәсіби мерекемізбен құттықтағаны үшін ерекше қуаныштымыз. Бұл - Елбасымыздың біздерге деген ұдайы қамқорлығының көрінісі. Алдағы уақытта осы саладағы игі істер өз жалғасын табарына сенімдімін. Себебі жаңадан сайланған Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау саласына үлкен көңіл бөлінген. Біз сол мақсаттарға жету үшін аянбай еңбек етуге дайынбыз, - дейді аурухананың нейрохирург дәрігері Ерлан Хасенов.




null

Жоғары қарай