Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Маусым айында Астана - Прага жаңа әуе рейсі іске қосылады

2019 жылдың 9 наурыз 2019 15:40

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық SCAT әуе компаниясы Астана - Прага бағыты бойынша тікелей әуе рейсін іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Алғашқы рейс 2019 жылдың 2 маусымында ұшырылады.

«ҚР Индустриялар және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті шет мемлекеттермен әуе қатынасын кеңейту және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру жұмыстарын белсенді жалғастырады. Осы орайда SCAT әуе компаниясы Астана - Прага бағыты бойынша тікелей әуе рейсін іске қосады. Алғашқы рейс 2019 жылдың 2 маусымында басталады және бұл рейс аптасына 2 рет (бейсенбі мен жексенбі күндері) ұшырылады», - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті Телеграмдағы каналында.

Екі ел арасында ұшу уақыты - 5 сағат 30 минут.

ҚР Сыртқы істер министрлігі келтірген деректерге сәйкес, жыл сайын Чехияға жүз мыңнан астам қазақстандық турист барады, чехиялық университеттерде 200 мыңнан астам қазақстандық студенттер оқиды.

«Сонымен бірге, тікелей рейстің ашылуы екі елдің іскерлік ортадағы байланысты кеңейтуіне, инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға және туристер санын көбейтуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Жоғары қарай