Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

«Майдан жолы» отряды соғыста қаза тапқан жауынгердің туыстарын іздеп жатыр

2019 жылдың 15 қазан 2019 12:51

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – «Майдан жолы» отряды ІІ Дүниежүзілік соғысқа Павлодар облысынан шақырылған Мәукен Нығметовтің туыстарын іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Майдангердің сүйегі Ресейдің Ленинград облысынан табылды.

«2019 жылдың көктемінде Ресейдің іздеуші отрядтары Ленинград облысындағы Синявин қыратында іздеу экспедициясын жүргізді. Экспедиция барысында Қызыл армия әскерінің сүйегі табылған. Әскердің медальоны болған. Сараптама жүргізілген соң әскердің аты-жөні анықталды. Ол – Қазақстанның тумасы Нығметов Мәукен (Майдан), 1919 жылы туған», - деп мәлімдеді «Майдан жолы» отрядының командирі Александр Шитов.

Оның айтуынша, майдангер Павлодар облысының қазіргі Ақсу қаласының аумағында (сол кездегі Каганович ауданы) өмір сүрген, 1942 жылы хабар-ошарсыз кеткен. Қазір оның туған-туысқандарына іздеу салынған.

«Медальонның қосымшасынан мыналарды оқуға болады: НИГМЕТОВ М(ау)...н, санитар, 1915 ж.т., туған жері: Қазақ КСР, Павлодар облысы, Каганович ауданы, Сынтас с/с, ауыл № 6. Отбасы: Опергенова Н. (немесе Опфгенова Н.), Қазақ КСР, Павлодар облысы, Каганович ауданы, Потанин кеңшары, Потанинская деревнясы», - дейді А. Шитов.

Ақсу қаласының архив деректерінде мынадай мәлімет бар: «Ныгметов Майдан 1918 ж.т., туған жері Айнакөл ауылы, қазақ, Ермаков АӘК 1941 ж. шақырылған, қатардағы әскер, б/п, 29.09.1942 ж. шайқаста қаза тапқан. Жерленген жері: Ленинград обл., Мгинск ауданы, Гайтолово п.».

Ресей Қорғаныс министрлігінің Жинақталған деректер қорында осындай жазба бар, бірақ туған жылы басқаша – 1919 жыл көрсетілген.

Авторы Антон Гагарин

Басты сөздер: Павлодар облысы, Жеңіс күні,
Жоғары қарай