Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Майқайыңда кірпіш өндіретін кәсіпорын ашылады

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 22:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Майқайыңалтын» АҚ жанынан кірпіш өндіретін кәсіпорын ашылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында «Майқайыңалтын» АҚ бас директоры Қуаныш Ботин мәлім етті.

- Бүгінде кәсіпорын іске кірісуге дайын тұр, - деді Қуаныш Ботин. – Оны салуға 92 миллион теңге қаржы жұмсалды. Қазіргі уақытта рұқсат құжаттары дайындалуда. Сертификаттаудан өтіп жатырмыз. Кірпіш өндіріс қалдықтарынан жасалады. Біздегі күл үйіндісін пайдаланып, цемент қоспақпыз. Кірпіш сұр түсті болады.

Бас директор кәсіпорынның айына 30 мың кірпіш өндіру қуаттылығы бар екенін атап өтті. Бір кірпіштің құны шамамен 179 теңгені құрайды. - Кірпішті кәдімгі құрылыстарда, үй салуға пайдалануға болады, - деді Қуаныш Ботин.

– Аса ірі көлемде өндірмейтіндіктен, сату жағынан мәселе туындамауы тиіс. Қазірдің өзінде Майқайың кентінің тұрғындары кезекте тұр. Рұқсат қағаздары келгенде жұмыс бірден басталады. Оған қоса, Майқайың мен Екібастұзда жүріп жатқан құрылыс жұмыстары көп. Сондықтан кірпішімізге сұраныс бар.

Айта кетейік, жыл бойы өнім шығаратын кірпіш кәсіпорынында 12 жаңа жұмыс орыны ашылады.


Басты сөздер: Павлодар облысы, Құрылыс,
Жоғары қарай