Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Мәжіліс депутаттары бір күндік жалақысын Арыс тұрғындарына аударады

2019 жылдың 25 маусым 2019 03:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палата бюросы «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына 1 күндік жалақыны аудару туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы Түркістан облысының Арыс қаласында болған жарылыстардың салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған.

Айта кетейік, 24 маусым күні Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындағы әскери бөлімшеде жарылыс болды.

Оқиға орнына шұғыл түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетіп, жарылыс аумағынан эвакуацияланған тұрғындармен кездесті.

Жоғары қарай