Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Мәжілісмендер елорданы көгалдандыруға атсалысты

2019 жылдың 12 қазан 2019 13:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс депутаттары мен аппарат қызметкерлері елордамызды көгалдандыруға өз үлестерін қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республикалық экологиялық науқан аясында халық қалаулылары Нұр-Сұлтан қаласындағы Мәңгілік ел мен Ұлы дала даңғылдарының қиылысындағы жаңа «депутаттық аллеяға» 130-дан астам қарағай, қайың, шаған, терек, жөке және мамыргүл ағаштарын отырғызды», - деді Мәжілістің баспасөз қызметінен.

Көшеттер елордамыздың «жасыл белдеуінде» орналасқан орман бағынан әкелінген.




Бүгінгі экологиялық шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысқанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында 16 қыркүйек-13 қазан аралығында экологиялық айлық өтіп жатыр. Оның аясында 12 қазан күні Нұр-Сұлтанда ағаш отырғызу акциясы өтетіні белгіленген еді.

Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне орайластырылған шара еліміздің барлық өңірінде қолдау тапты.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев атап өткендей, 12 қазан күнгі кампания барысында және жалпы күз айының соңына дейін республикада 1 миллионға жуық ағаш отырғызылады.







Басты сөздер: Экология, Парламент,
Жоғары қарай