Ауа райы
Нұр-Сұлтан 14 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Мәжілісте спорт дәрігерлерінің жетіспеушілігі мәселесі талқыланды

2019 жылдың 20 наурыз 2019 20:20 1107

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында спорт дәрігерлерінің тапшылығы мәселесі көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларда спорттық дәрігерлердің тапшылығы 11 адамды құрады, ал параспорттың құрама командаларында 15 адам жетіспейді. Осыған байланысты бұл проблеманы жүйелі түрде қалай шешпексіздер? Өйткені заманауи спорттық медицина саласы медицина ғылымының бөлек бағыты болып отыр», - деді депутат Құралай Қаракен.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының сөзіне қарағанда, бұл мәселе 2016 жылдан бері талқыланды.

«2017 жылы спорт дәрігерлерін даярлау үшін магистратура, бакалавриат және Phd докторантура саласында арнайы грант бөлінді. Қазіргі кезде алдыңғы қатарлы медициналық ЖОО-ларда спорттық дәрігерлер дайындалуда. Осы орайда дәрігерлер жетіспеушілігін Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе шешіп жатырмыз», - деді А. Мұхамедиұлы.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева спорт дәрігерлерін еліміздің үш оқу орны дайындап жатқанын атап өтті.

«2016 жылдан бері 16 адамды дайындадық. Биыл 19 резидент түлек болады. 2020 жылы тағы 26 адам бұл салаға келеді. Сәйкесінше, жоғарыда аталған тапшылық мәселесі шешіледі. Тапсырыс көлемі дене шынықтыру және спорт ұйымдары өтінімі негізінде қалыптасады. Биылғы мамырға дейін біз келесі оқу жылына тапсырысты қалыптастырамыз», - деді ол.

 

 

Автор: Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Спорт, Парламент, Заң,
Жоғары қарай