Ауа райы
Нұр-Сұлтан 9 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Медицина саласына қандай мамандар қажет

2019 жылдың 14 наурыз 2019 21:19 783

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова медицина мамандарын даярлау мәселесін көтерді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда медицина мамандарына деген сұраныс азайса да, осы салада маман тапшылығы әлі де бар. "Жалпы, бүгінде отандық медицинаға 2 900 маман қажет. Соның басым бөлігі анестезилогия, реанимация, псиxиатрия, терапия, акушерлік пен гинекологияға тиесілі. Дәл осы салалар бойынша қосымша маман керек", - деді З.Аманжолова жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге арналған жиында.

Депутаттың сөзіне қарағанда, спорттық медицина, онкоxирургия, радиоxимия, медициналық теxника, ядролық медицина мен физика сияқты салаларға да кәсіби мамандар ауадай қажет. "Маман тапшылығы Астана қаласында, Алматы, Маңғыстау мен Қостанай облыстарында барынша байқалады", - деп атап көрсетті З.Аманжолова. 

Айта кетейік, бүгінгі жиында негізгі баяндаманы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов жасады. Оның айтуынша, биыл грант тарату жүйесінде бірқатар өзгерістер болады.  Бұдан бөлек, мектеп түлектеріне мамандықты таңдау жағы жеңілдей түседі. Вице-министр қосымша гранттардың қалай таратылғанын да айтып берді. Ал "Серпін" бағдарламасының гранттары игерілмей жатыр.  

Ал "Аспандау" ғылыми-білім беру қорының басшысы Қанат Нұров білім гранттарын тарату жүйесін өзгертуді ұсынды. Оның айтуынша, бүгінде білім саласындағы мемлекеттік тапсырыстың көлемі екі есеге артса да, кедей отбасылардан шыққан балалардың жартысынан көбі грант сияқты қаржылай қолдауды көріп отырған жоқ. "Себебі үлкен бір проблема бар. Қаламен салыстырғанда ауылда ұлттық бірыңғай тестілеудің көрсеткіші әлдеқайда төмен болып тұрады. Ал ауылдық квота 30 пайызбен берілсе де, оған ілігетін жастар некен-саяқ. Өйткені тестті тапсыра алмай жатқандар көп. Енді, бұл мәселені қалай шешу керек? Меніңше, білім гранттарын әлеуметтік жағынан аз қамтылған, бірақ дарынды балаларға беру керек. Ондай мүмкіндікті мүгедектерге де берген дұрыс. Оны таза әлеуметтік шара деп қабылдамау қажет. Аталған бастама экономикалық жағынан да тиімді. Себебі ауыл жастарында үлкен стимул бар. Олардың қоғамда өз орнын табуға деген ынтасы зор", - дейді Қ.Нұров. 

 

 

Автор: Арман Асқаров
Басты сөздер: Медицина, Парламент, Білім,
Жоғары қарай