Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Медициналық сақтандыру қоры ақпараттық жүйесін сынақтан өткізіп жатыр

2019 жылдың 8 қыркүйек 2019 18:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Медициналық қызметтерді қолданушының мәртебесі автоматтандырылған режімде анықталатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында іске қосылған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) пилоттық жобасы аясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның төл жобасы - «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесі сынақтан өткізіледі.

«МӘМС жағдайында медициналық көмекке жүгінгенде алдымен медициналық қызметті тұтынушының мәртебесін анықтап алу маңызды. Емхананың немесе аурухананың медициналық ақпараттық жүйесі «Saqtandyrý» АЖ-нен тұтынушының сақтандырылғаны немесе сақтандырылмағаны жайлы мәліметтерді сұратады. Соған қарай көмек кепілдендірілген тегін медициналық қызметтердің есебінен, не болмаса, кеңейтілген сақтандыру пакеті есебінен төленеді.

Пациенттер үшін қосымша қиындықтар туындамайды, олар бұрынғыдай жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі тиіс. Әрі қарай медициналық ақпараттық жүйе барлық қажетті әрекеттерді өздігінен жүзеге асырады», делінген хабарламада.

Қарағанды облысында 1,4 миллион тұрғынның ішінде 549 мың адам - ресми түрде жұмыс істейді. Олар үшін жұмыс берушілер жарна төлейді. Бұдан бөлек, 2,5 мың адам бірыңғай жиынтық төлемін аударып отырады. Олар үшін жұмыс берушілер жарна төлейді. Пилоттық жобада олар 2020 жылдан бастап жарнасын мемлекет төлеп беретін әлеуметтік қорғалмаған азаматтармен қатар сақтандырылған адамның мәртебесін алады.

«Saqtandyrý» ақпараттық жүйесі пилоттық режімде сынақтан өтіп, ақпараттық қауіпсіздік жағы тексерілгеннен кейін өндірістік пайдалануға берілетін болады. Ал оны толығымен іске қосу үшін бірқатар мемлекеттік органға қарасты 10 ақпараттық жүйемен интеграциялау қажет. Олардың ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және т.б. бар.

Қарағанды облысының медициналық ұйымдарын тиісті деңгейде цифрландырудан өткізбегенде «Saqtandyry» АЖ-сын сынақтан өткізу мүмкін болмайтын еді. Өңірде қордың тегін медициналық көмек көрсететін 118 медициналық ұйымы бар. Медициналық құжаттама тек сандық форматта жүргізіледі. Халықты тіркеу регистрінде бекітілген облыстың әрбір тұрғыны жеке электрондық денсаулық паспортымен қамтамасыз етілген. Паспорттар пациенттерді электрондық форматта бақылау және емдеу барысын қадағалауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, аталмыш қоры жеке байланыс орталығын іске қосты. Бұдан былай тұрғындар сақтандыру мәселелеріне қатысты сауалдарын 1406 нөміріне жолдай алады. https://www.inform.kz/kz/medicinalyk-saktandyru-kory-zheke-baylanys-ortalygyn-iske-kosty_a3562010


Жоғары қарай