Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Медициналық сақтандыру қорына шілде айында 9,5 млрд теңге түсті

2019 жылдың 4 тамыз 2019 08:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы шілде айында Медициналық сақтандыру қорына 9,5 млрд теңгеден астам жарна түсті, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 шілде аралығында жинақталған жарнаның жалпы сомасы 195,7 млрд теңгені құрады.

Оның 186,9 млрд теңгесі (шамамен 95,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,8 млрд теңге (4,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Жоғары қарай