Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

Мекемтас Мырзахметов: Абайды мәніне жетіп ұлықтауымыз керек

2019 жылдың 23 тамыз 2019 13:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шәкәрім мен Абайдың философиялық лирикасы қайтадан ашылуы керек. Абай Құнанбайұлының 174 жылдығына орай елордада өткен рухани-тағылымдық іс-шарада белгілі абайтанушы, профессор Мекемтас Мырзахметов осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абайды әр кезде ұлықтап жатамыз. Ұлықтау – дұрыс. Бірақ, мәніне жетіп ұлықтауымыз керек. Абай дың рухани әлемі мен пәлсапалық лирикасына Еуропа да, Шығыс та жете алмаған. Шәкәрім мен Абайдың философиялық лирикасы қайтадан ашылуы керек. Бұл – бір. Заман өзгерді. Дүниетаным өзгерді. Біз енді ұлы санаға қарай жол тарттық. Ендігі таным ұлы санаға қарай кетеді. Оны бұрынғы бабаларымыз әлдеқашан білген, кейінгі өмір опан-топан болған кезде оларды шайып кетті де, қайтадан осы жолға оралуға мәжбүр болып отырмыз. Абайдан қалған бір мұра бар: Абайда « Толық адам » ілімі деген бар. « Толық адам » ілімін меңгерген адам өзін-өзі рухани тазалайды. Қазір осы ілім Қазақстандағы 8 университетте оқытылып жатыр. Соның монографиясын жазып бітірдім. Ол толық жарияланды. Енді бүкіл қазақ жастарын Абайдың әлемімен тазарту мәселесі алдымызға қойылып отыр. Оның оқулығы даяр болды », - деді ол .

Еске сала кетсек, бүгін Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне 174 жыл толуына орай елордада «Абай әлемі» атты рухани-тағылымдық іс-шара өткен болатын. Онда елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері, абайтанушылар мен қала әкімдігінің өкілдері бас қосты.

Айта кетсек, ҚР Президенті мамыр айында Абайдың 175 жылдық мерейтойы туралы Жарлыққа қол қойған еді.

Жоғары қарай