Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Мектепке сау барған баланың бірқатары бітіргенде сколиозға шалдығады - Зағипа Балиева

2019 жылдың 17 қазан 2019 13:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасына енгізу үшін бірқатар ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасына қосқымыз келетін бірқатар ұсынысымыз бар. Кадрларды дайындауға қатысты педагог және дәрігер деген екі мамандықтың бар екендігіне сенімдімін. Олар толықтай мемлекеттің қолдауында болуы керек. Бірақ, осынау екі мамандық қоғам алдында толықтай жауапты болы тиіс. Еліміздің ең басты азаматы - ол бала. Сондықтан сіздердің қандай маман дайындайтындарыңызға балаларымыздың денсаулығы тәуелді болады», - деді депутат Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қарата.

З.Балиеваның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі, оның ішінде Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комититеті өзге де органдармен белсенді ықтымақтастықта жұмыс істеуі қажет. Себебі балалардың денінің сау болуы аталған комитеттің Экология, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктері сынды мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысына байланысты. Осы орайда ол балалардың денсаулығына қатысты нақты мысалдар да келтірді.

«Сіздердің деректеріңізге сәйкес, 1-сыныпқа дені сау келген балалардың 34 пайызы 11-сыныпта емі жоқ сколиоздан зардап шексе, 72 баланың көруі нашарлайды. Бізге бұл жайында ойлану қажет. Сондықтан Бақылау комитеті бұл мәселелерді Экология комитеті, Білім және ғылым министрлігі алдында көтеруі тиіс. Енді бұл жағдайды бірлесіп түзетейік», - деді Зағипа Балиева.

Жоғары қарай