Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Мемлекет басшысы Әбіш Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейін аралады

2019 жылдың 10 қазан 2019 17:35

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға жұмыс сапары барысында Әбіш Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейін аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Музейде Әбіш Кекілбайұлының экспозияциялық залы жасақталған. 460 шаршы метрді алып жатқан залға қаламгердің көзі тірісінде тұтынған бұйымдары мен құнды жәдігерлері қойылған.

«Әбіш Кекілбайұлының балалық шағынан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейінгі суреттері ұсынылды. Сонымен қатар, жеке өмірі мен қызметтегі және шығармашылығында қолданылған бұйымдары бар»,-дейді музей қызметкері Нұршат Қалкенбаева.

Айта кетейік, қаланың 19а ықшамауданында бой көтерген аталған мәдени орталықтың құрылысы былтыр ақпан айында басталған. Қазіргі таңда орталықта орналасқан тарихи-өлкетану музейінің құрылысы аяқталды. Нысан толығымен 2020 жылы пайдалануға беріледі. 10 г аумақты алып жатқан орталықта облыстық музей мен кітапхана орналасқан. Ғимарат ортасында субұрқақ та болмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келгенін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Президент жазушы ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты.

Жоғары қарай