Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады

2019 жылдың 22 шілде 2019 11:30 528

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының Өкімдерімен Сатыбалды Бұршақов пен Айдын Құлсейітов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды;

Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды», делінген құжатта.

Жоғары қарай