Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президентімен кездесті

2019 жылдың 17 шілде 2019 19:06 270

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирил Мюллермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы алдағы жылдарға арналған жоспарлары талқыланды.

Сирил Мюллер Қасым-Жомарт Тоқаевқа әртүрлі сектордағы ынтымақтастықтың қорытындылары, соның ішінде, ауыл шаруашылығы, жаңа технология және жасанды интеллект салаларындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

Дүниежүзілік банк тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде мойындайды және осы бағытта елімізге одан әрі жан-жақты қолдау көрсетуге, сондай-ақ, өңірлік кооперацияның дамуына септігін тигізуге ниетті.

Жоғары қарай