Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 377.86
EUR 418.74
RUB 6.10
CNY 54.50

Мемлекет басшысы Фраунхофер институтының өкілімен кездесті

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 20:11

БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Фраунхофер институтының сыртқы байланыстар бөлімінің директоры Йенс Нойгебауэрмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған институттың Қазақстанда кәсіби мамандар даярлау ісін жаңғыртуға және дуальді білім беру жүйесін енгізуге елеулі үлес қосқанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, біздің ел бұл саладағы Германияның тәжірибесін енгізуге мүдделі.

Йенс Нойгебауэр Фраунхофер институтының Қазақстанмен арадағы ықпалдастықты дамытуға дайын екенін жеткізді.

Аталған институт 2008 жылдан бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қарағанды және Өскемен қалаларындағы оқу орындарымен, өнеркәсіптермен тығыз байланыс орнатқан.

Жоғары қарай