Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Мемлекет басшысы Монғолияның Тұңғыш Президенті Пунсалмаагийн Очирбатпен кездесті

2019 жылдың 25 маусым 2019 16:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Монғолияның Тұңғыш Президенті Пунсалмаагийн Очирбатпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монғолия арасындағы жақын қарым-қатынасты және екі ел халықтарының тарихи тамыры ортақ екенін атап өтті.

«Біздің Монғолиямен ынтымақтастығымыз жемісті дамып келеді, халықаралық ұйымдар аясында бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен өндірісі салаларындағы жобаларды жүзеге асыру жөнінде елдеріміздің іскер топтарының өзара уағдаластықтары бар», - деді Мемлекет басшысы.

Пунсалмаагийн Очирбат Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, оның қызметіне табыс тіледі.

Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай