Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Мемлекет басшысы Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидке көңіл айту жеделхатын жолдады

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 14:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Қабус бен Саидтың қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

– Қабус бен Саид өз өмірін Оман мен оның халқының мүддесін қорғауға, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға риясыз арнады. Қазақстан халқы Сұлтан Қабусты парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, көрнекті мемлекет қайраткері, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан бүкіл Оман халқының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, – делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, Оманның мемлекеттік БАҚ-ры бүгін Хайсам бен Тарек Аль Саидтың елдің жаңа басшысы атанғанын мәлім етті


Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай