Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Мемлекет басшысы су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін көтерді

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 16:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Су ресрустарын тиімді пайдалану мәселесіне жеке тоқталып өткім келеді. Бұл күрделі болғанымен шешімдері мемлекет экономикасы мен ұлт денсаулығына айқындаушы ретінде ықпал ететін күрделі әрі стратегиялық маңызды мәселе. Мәселемен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі айналысады. Су ресурстары проблемасымен айналысатын өзге қандай да бір ведомство құрылмайды. Осыған сүйеніңіздер!. Сіздердің бағдарламаларыңыз бар ма?», - деп сұрады Мемлекет басшысы еліміздің бас экологы Мағзұм Мырзағалиевтен.

Өз кезегінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 10 негізгі басымдықтан тұратын даму бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленгендігін айтты.

«Су саласынан көріп отырған негзігі тәуекел – бұл ағын судың төмендеуі. Біздің есептеуімізше, ағын су жылына шамамен 100 текше шақырымды құрайды және 2040 жылға қарай ағын судың 30-40 пайызға азаю қаупі бар. Осыған қарай біз су үнемдейтін технологиялар енгізу, Қазақстанның бүкіл аумағында 28 су қоймасын салу сынды бірқатар шараны қабылдауымзы керек. Цифрландыруды да белсенді енгізгеніміз жөн. Тиісті тұжырымдаманы әзірледік. Оны Премьер-Министрге баяндадық. Таяу уақытта оны Үкімет отырысының қарауына шығарып, одан кейін Сіз мақұлдасаңыз мемлекеттік бағдарлама әзірлеуге кірісеміз», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Осы ретте ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин аталған тұжырымдама Үкіметтің келесі отырысында талқыға түсетіндігін айтты.


Жоғары қарай