Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 386.77
EUR 427.26
RUB 6.00
CNY 54.56

Мемлекет басшысы Тамыз конференциясына қатысады

2019 жылдың 15 тамыз 2019 15:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Тамыз конференциясына қатысады. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 2019 жылғы 16 тамыз күні Тамыз конференциясының пленарлық отырысын өткізеді. Конференция шеңберінде білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтар бойынша тақырыптық алаң ұйымдастырылып, педагогтарды марапаттау рәсімі болады», - деп жазды ол.

Жоғары қарай