Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Мемлекет басшысы Тегеран маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 19:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеран қаласы әуежайының маңында «Украина халықаралық әуежолы» компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан азаматтары қаза болған бірқатар мемлекет басшыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Биылғы 8 қаңтарда «Украина халықаралық әуежолы» компаниясының әуе кемесі Тегеран қаласы әуежайының маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында шамамен 180 жолаушы болған.


Жоғары қарай