Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 376.16
EUR 406.18
RUB 5.90
CNY 53.60

Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 15:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Талғат Донақов Президентке Жоғары Сот Кеңесінің 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары жайында баяндады.

Мемлекет басшысына еліміздегі сот корпусының ахуалы, судьяларды іріктеу ісін қатаңдату және соттардың кадрлық резервін қалыптастыру бағытында қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа бірқатар нақты тапсырма берді.





Жоғары қарай