Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Мемлекеттік мекеме директоры 5 млн теңге пара алмақ болған

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 15:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің «Селденқорғау Құрылыс» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры пара алуға әрекеттенгені үшін қамауға алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Селденқорғау Құрылыс» РМК директорына қатысты пара алу әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол компания басшысынан республикалық маңыздағы автомобиль жолының бойында жер теліміне орналастыру бойынша көрсетілген қызмет туралы анықтама бергені үшін 5 млн теңге көлемінде пара алмақ болған деген күдікке ілініп отыр.

«Күдікті ұсталып, Алматы қаласының полиция департаментіне қарасты уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның кінәсіне қатысты түбегейлі үкімді сот шығарады» делінген агенттіктің ақпаратында.



Жоғары қарай