Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

«Мерейлі отбасы»: Қостанайда белгілі диқаншының отбасы жеңімпаз атанды

2019 жылдың 24 мамыр 2019 18:10 542

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Аудандар мен қалаларда өткен «Мерейлі отбасы» байқауларында үздік шыққандар облыстық кезеңде бақтарын сынасты. Үздік шыққандарды облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

«Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған байқаудың түрлі деңгейлерінде Қостанай облысынан 600-ден аса отбасы қатысқан. Қоғамда жақсы қасиеттің барлығы да отбасында қалыптасады. «Мерейлі отбасы» байқауында осыған дейінгі жеңімпаз болған отбасылар көпке үлгі және ұлттық байлығымыз саналады. Биыл отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында «Nur Otan» партиясы «Бақытты отбасы» жобасын қолға алды. Қазір осы жоба бойынша өңірімізде 28 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 14 отбасының пәтеріне күрделі жөндеу жүргізілді. 200-ге жуық отбасына материалдық көмек көрсетілді», - деді Марат Жүндібаев.

Байқауды ұйымдастырушылар алқасының ұйғарымымен қатысушылар «Өнегелі отбасы», «Парасатты отбасы», «Мерейлі отбасы» аталымдары бойынша топтастырылған. «Өнегелі отбасы» аталымының жеңімпазы - жанкелдиндік Мәлік Баймағамбетовтің отбасы. «Парасатты отбасы» аталымы бойынша 150 мың теңгенің сертификаты Айтжан мен Ерболат Кішкентаевтар отбасына берілді. Айтжан - өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі. Ал Ерболат Кішкентаев ширек ғасырға жуық құқық қорғау саласында еңбек етті. Осыдан бір жарым жыл бұрын ата-ана қамқорлығынан айырылған 3 баланы бауырына басқан.

Ал «Мерейлі отбасы» жүлдесіне Федоров ауданында тұратын Бубликтер отбасы лайық деп танылды. Федоров ауданының құрметті азаматы Василий Бублик жастайынан еңбекке араласқан. Білікті диқан дәнді дақылдардың жоғары сапалы егін, жер өңдеуге жету, жаңа өндіріс технологиялар мен ылғал ресурс үнемдейтін техниканы қолдана отырып, жоғары егін жинауда үздік көрсеткіш көрсетті. Жыл сайын Федоров ауылының әлеуметтік саласын дамытуға және абаттандыруға, қайырымдылық шараларына белсене араласады. Бубликтер отбасына облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев 300 мың теңгенің  сертификатын табыс етті.

Енді Бубликтер отбасы осы ұлттық байқаудың республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайды.



null 

null 

null 

 

Жоғары қарай