Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Мейрамбек Бесбаев өзінің жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді

2019 жылдың 3 қыркүйек 2019 23:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Мейрамбек Бесбаев өзінің Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлының бұйрығымен мәдениет саласының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалдым. Қадірлі тілектес, рухтас бауырларым. Маған арналған ақ тілек пен ниеттеріңізге мың алғыс. Алматы өнердің қайнаған ордасы. Күрмеуі қиын, күрделі мәселелері көп мәдениет саласында сіздер үшін еңбек етуге барымды саламын. Әр қадамыма сәттілік тілеген ағайынға рахметім шексіз»- деп жазады әнші instagram парақшасында.

Мейрамбек Бесбаевтың жаңа қызметке тағайындалғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.


Басты сөздер: Тағайындау, Алматы, Мәдениет,
Жоғары қарай