Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Міндетті медициналық сақтандыру бойынша дәрігерлер тест тапсырады

2019 жылдың 7 желтоқсан 2019 03:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлер мен орта медицинлық қызметкерлердің нормативтік-құқықтық актілерін білу деңгейін тәуелсіз бағалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 4-17 желтоқсан аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ жүйесінде онлайн режімда практикалық денсаулық сақтау мамандары (дәрігерлер мен орта медицинлық қызметкерлер) үшін нормативтік-құқықтық актілерін білу туралы тәуелсіз бағалауды ұйымдастыратынын хабарлайды», делінген хабарламада.

Тестілеуге қатысу үшін практикалық денсаулық сақтау мамандары алдын ала тіркеуден өтуі және ақпараттық бағалау жүйесіне өтінім беруі қажет, содан кейін бір жұмыс күні ішінде өңделуін күтеді.

Тестілеу тәулігіне 24 сағат онлайн режімінде қолжетімді. Тестілеуден интернет желісіне қосылған кез келген құрылғыдан өтуге болады. Тестілеу уақыты 30 минутты құрайды. Өтінім беру нұсқаулығымен сілтемеде танысуға болады.

Жоғары қарай