Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Министр елімізде әуе билеттерінің бағасын төмендету жолдарын атады

2019 жылдың 7 қазан 2019 10:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда әуе билеттерінің бағасы қалай төмендетілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында кейбір әуе компаниялардың билет құны қымбат екенін атап өткен болатын. Сондықтан министрлік осы бағытта жүйелі жұмыстарды жүргізіп отыр. Әуе билет құны бірінші кезекте әуе тасымалдарына баға белгілеудің (бәсекелестік, сұраныс, маусымдық, мереке және демалыс күндері) нарықтық және динамикалық механизміне, авиаотын және жолаушылар ағынының деңгейіне байланысты. Мемлекет бағаны тікелей реттемейді, тек авиакомпаниялар үшін бәсекеге қабілетті жағдайларды жасайды. Бәсекенің арқасында ғана біз авиабилет құнын төмендетеміз», - деді Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, мемлекеттің өз нарығын бақылап, тиісті қадағалауды жүзеге асыруы тиіс. Сондықтан министрлік кешенді шараларды қабылдап жатыр.

«Біріншіден, 2012 жылдан бастап ішкі бағыттар бойынша қазақстандық әуе акомпаниялардың тұрақты жолаушылар рейстерін орындауына барлық шектеулер алып тасталды. Ең танымал үш маршрутта 4 әуе тасымалдаушысы әр түрлі тарифтік ұсыныстармен ұшуды орындайды. Бұл шара авиабилеттер құнын төмендетуге ықпал етті. Мысалы, егер 2012 жылы Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша орташа билет құны 85 долларды құраса, 2019 жылы билет құны – орташа алғанда 50 долларды құрады. Екіншіден, мамырда алғашқы ұлттық лоукостер Fly Arystan іске қосылды. Оның билет құны «Эйр Астанамен» салыстырғанда 2 есе төмен. Бүгінгі күні 470 мыңнан астам билет сатылды, 60 % билеттердің құны 10 мың теңгеден төмен», - деді ол.

Атамқұловтың айтуынша, министрлік тікелей өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін авиаотынды жеткізу тізбегін оңтайландырады.

«Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп авиаотын бағасын ашық белгілеу және оны үздіксіз жеткізу бойынша тең қолжетімділікті қамтамасыз ету механизмдерін әзірлейді. Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту арқылы осы жылы өндірілетін авиаотын көлемі 694 мың тоннаны құрайды. Бұл авиациялық нарық қажеттілігін (700 мың тонна) толығымен жабуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Асқар Мамин қазақстандық азаматтық авиация саласын дамытуда бірқатар тапсырмаберген болатын.

Жоғары қарай