Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Министр жолаушылар тасымалының сапасы туралы: Мәселені жеке бақылауыма аламын

2019 жылдың 12 қыркүйек 2019 19:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр темір жол саласы мен жолаушылар тасымалының сапасын жақсартуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолаушыларға қызмет көрсету, билет сату, жылжымалы құрам сапасы бойынша бірнеше рет сынға ұшырадық. Сондықтан, тұтас шаралар кешенін қабылдауымыз керек. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады, вице-министр Берік Қамалиев те өз назарына алады. Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Жыл сайын ең кемі 100 дана жолаушылар вагонын сатып алып, паркті жаңартуымыз керек. Тапшылықты жою үшін «Мобиус» жүйесінің қалай жұмыс істейтінін бақылаймыз. Қазірдің өзінде тәртіп бұзушылықтар азайғанын байқадық», - деді Р. Скляр министрлікте өткен алқа отырысында.

Сонымен бірге, алқа отырысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серік Әбденов пойыз билеттерін алыпсатарлармен қандай күрес жүріп жатқанын айтты.

«Биыл 1 шілдеге дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет сату үшін «Экспресс» жүйесін қолданды, оның бірқатар технологиялық кемшіліктері болды. Мұнда билетті заңсыз рәсімдеуге, қайтаруға, қайта сатуға жол берілді. Сондықтан, пойыз билеттері 45 күн бұрын сатылымға шығатындықтан, 1 шілдеге дейін ескі жүйемен көптеген билеттер сатып алынды. «Мобиус» жүйесінде күту парақшасы пайда болды. Яғни, билет болмаған жағдайда адамдар күті парақшасына жазылады және электронды кезекке тұрады», - деп түсіндірді С. Әбденов.


Жоғары қарай