Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Министрлік 2020 жылдан кейінгі коммуналдық тарифтердің жағдайын түсіндірді

2019 жылдың 27 наурыз 2019 21:33 740

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2025 жылға дейін коммуналдық қызметтерге тарифтер шамалы деңгейде ғана өседі. Бұл туралы Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мүшелерімен кездесу барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, егер 2020 жылдан кейін тарифтерді төмендету жүргізілсе, инвестиция көлемі қысқарып, ТКШ инфрақұрылымы жағдайы 2015 жылдың басындағы бұрынғы деңгейге жетеді. Яғни шекті тарифтерді енгізгенге дейінгі инфрақұрылымның тозуы дәрежесі жоғары бұрынғы қалыпқа оралады.

«Трифтерді көтермей, осы деңгейде сақтауға болады немесе аз-маз деңгейде көтеруді ескеруге болады, яғни инфляция көлемінде 3-4 пайыз шамасында. Онда табиғи монополиялар субъектілері инвестициялар деңгейін сақтап қалады.  Бұл өз кезегінде аладағы уақытта тарифтерді өсірместен, аталған кәсіпорындар жұмыстарын жалғастыруы үшін инвестициялық құрамдауышты сақтауға жол ашады. 2020 жылдан кейінгі осы кезеңді «тарифтік тыныштық» немесе «инвестициялық тыныштық деп атаймыз. Атап айтқанда, тарифтердің елеулі өсіміне ырық бермейміз. Тарифтердің ынталандырушы өсімі аясында жұмыс істейміз. Алайда 2020 жылдың соңында бекітілген инвестициялар аясында қызмет етеміз. Егер субъекті дәлелдей алса, оны Тарифтік саясат жөніндегі кеңесте қарастырамыз. Негізі, 2020 жылдан кейін тарифтердің елеулі өсімі қарастырылып отырған жоқ. 2020-дан 2025 жыл аралығында шамалы көлемді қосымша инвестициялар болады», - деді С. Жұманғарин.

Вице-министр 2015 жылы ұзақмерзімді шекті тариф саясаты ұсынылғанын еске салды. Бұл өз кезегінде инвесторларға ТКШ саласындағы инвесторларға қажетті инвестицияның кеңістігін айқындауға, кәсіпкерлерге өз қызметінде тарифтерге шығындарын болжауға және инфрақұрылымның тозуын тоқтатуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, 2021 жылға дейін табиғи монополиялар саласына 2,2 трлн теңге инвестицияны тарту жоспарланған еді, оның ішінде 1,3 трлн теңгесі ТКШ саласына. Өткен үш жылда 1,020 трлн теңге тартылып, соның 684 млрд теңгесі ТКШ-ға тиесілі болды. Осы соманың 98 пайызы бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен қаржыландырылды. Осының арқасында табиғи монополиялар субъектілерінің тозуы 66-дан 64,9 пайызға дейін төмендеді.

 

 

Жоғары қарай