Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Министрлік желіде коронавирусқа қатысты жалған ақпарат тарап жатқанын ескертті

2020 жылдың 26 қаңтар 2020 21:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда тараған коронавирусқа қатысты әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттарға сенбеуге шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз көріп отырғандай, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде қазіргі таңда Қытайда 2,8 млн адам коронавирус жұқтырып, 112 мың адамның көз жұмғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат – жалған!» - деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік осы ретте тек ресми ақпараттарға сену керектігін ескертеді.

«25 қаңтардағы ресми мәліметтерге сәйкес, Қытайдың 30 провинциясында (автономды аудандар мен муниципалитеттерде) жұқтырудың 1975 расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 56 адам көз жұмған. 13 елде 34 жағдай тіркеліп отыр: Гонконгта – 5, Таиландта – 5, Тайванда – 3, Малайзияда – 3, Сингапурда – 3, Францияда – 3, Жапонияда – 2, О.Кореяда – 2, АҚШ-та – 2, Вьетнамда – 2, Макаода – 2, Непалда – 1, Австралияда – 1 жағдай тіркелген», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан Қазақстан аумағына коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша нақты ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырған болатын. Осыған орай Үкімет басшысы Асқар Мамин бірқатар тапсырма жүктеді.


Қазір Қытайда пневмониялық инфекцияның жаңа түрі тарап жатыр. Сырқатқа шалдыққан және көз жұмғандар саны күн санап артып келеді. Алғашқы науқастар тіркелген күндері (15 қаңтар) есепке 41 адам алынған болатын.


Жоғары қарай