Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

ММА: Қытайлық жанкүйерлер қазақ жігітінің әділетсіз жеңілісіне наразы болды

2019 жылдың 23 маусым 2019 14:50

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 23 маусымға қараған түнде аралас жекпе-жектен Қытайдың бірнеше дүркін чемпионы Жұмабек Тұрсын Қазақстан азаматтығын алған соң алғаш рет Бейжіңдегі «Kunlun Fight» аренасына шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Қазақстандық спортшы бүкіл жекпе-жек барысында Яо Хунганнан басым түскені көрініп-ақ тұрды. Бірақ соған қарамастан үшінші раундта Жұмабектің аяғы тайып кеткенін төрешілердің бірі нокдаунға бағалады. Сөйтіп, жалпы 29:28, 29:28, 28-30 есебінде Жұмабекке жеңіліс жазылды.


null

«Мен айқас нәтижелерімен келіспеймін, әділетсіздік болды. Оны аренада да айтып едім», - дейді Жұмабек Тұрсын «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында.

Аренаға келгендер, ММА спортшылары үшінші төрешінің әлгі шешіміне аң-таң болысты. Төрешілердің әділетсіздігі тіпті Қытайдағы интернет қолданушыларының арасында да наразылық тудырды.


null

«Жауынгерлік өнерлері әлемі» (Gedou Shijie) мобильдік қосымшасында «Жұмабек аренаның өзінде-ақ төрешілердің әділдігін күмән астына қойды» атты мақала жарияланды. Онда үш раунд бойы Яо Хунган қорғанғаны, қазақстандықтың басым болғаны айтылған.

Еске сала кетейік, 10 жыл бұрын Жұмабек Яо Хунганды екі рет жеңіп, Қытайдың чемпионы болған.




null

Автор: Садық Ақижанов

Автор Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай