Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Мұғалімдерге 55-58 жастан зейнетке шығуға мүмкіндік беріле ме - Білім министрі жауап берді

2019 жылдың 16 тамыз 2019 17:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мұғалімдердің 55-58 жастан бастап зейнетке шығу мәселесіне қатысты түбегейлі шешім қабылданған жоқ.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында БАҚ өкілдері министрден мұғалімдердің 55-58 жастан зейнетке шығу ұсынысына қатысты жеке пікірін сұраған болатын.

«Бұл мәселені біз бірнеше рет талқыладық. Нақты зейнеткерлікке шығу мәселесін айтып отырмыз. Жалпы бізде зейнетке шығу бойынша заңда бекітілген уақыт бар. Біз ұстаздарға мұндай құқық беретін болсақ, онда басқа да саланың, мәселен дәрігерлер, мәдениет саласының қызметкерлері тарапынан бұл мәселе көтеріле береді. Сондықтан бүгінгі күні аталған мәселе тек талқылану үстінде. Әлі оң шешілді деп біз айта алмаймыз», - деп жауап берді министр.

Жоғары қарай