Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Мұхтар Тайжан: Ұлттық кеңес жұмысына атсалысуға дайынмын

2019 жылдың 17 шілде 2019 18:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық кеңестің мүшесі Мұхтар Тайжан ұйымға кірудегі өзінің мақсаттарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Ұлттық қоғамдық кеңес шынайы диалог алаңына айналады деген пікір білдірді.

«Өз басым бұрыннан айтып келе жатырмын. Билік пен қоғам арасында диалог құратын жүйе болу керек. Сондықтан, биліктің нақты осы қадамын қолдаймын. Мұндай тұрақты түрде жұмыс істейтін жиын бәрімізге қажетті деп білемін. Біздің Қазақстанымыз болашақта өркениетті, құқықтық, демократиялық, шынайы нарықтық мемлекетке айналуы керек. Бұл кеңеске кірудегі өзімнің мақсатым осы. Біз келешек ұрпаққа өте өркениетті мемлекетті қалдырып кетуіміз қажет. Осы кеңес сол басты мақсатымызға нақты қадам болады деп үміттенемін. Сондықтан өз басым кеңестің жұмысына атсалысуға дайынмын», - деген саясаткер кеңестің жұмысы ашық болатынына сенім білдірді.

«Біздің жұмысымыз міндетті түрде ашық болады. Өз мақсатымызды өзгертпейміз. Бірте-бірте ортақ мақсатқа жетеміз деген үміт бар. Ең бастысы, кеңестің жұмысында ешқандай шеңбер жоқ. Ел өмірін жақсартуға қатысты шаруалардың бәрін қамтитын болады», - деді Мұхтар Тайжан.



Фото: dalanews.kz

Жоғары қарай