Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Мұқағали Мақатаевқа арналған күнтізбе жарық көрді

2019 жылдың 7 наурыз 2019 22:02 1261

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында Мұқағали Мақатаевқа арналған Ұлыстың ұлы күнінен басталатын екі жылдық күнтізбе жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күнтізбені құрастырудағы мақсат - Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, жас буын өкілдерін отаншылдық рухқа үндейтін, елімізді, туған жерімізді сүюге жетелейтін, тәрбиелік-танымдық мән-маңызы бар ақынның шоқтығы биік жырларын, қазақстандық қыл қалам шеберлерінің жаңа туындыларын күнтізбе арқылы жалпы жұртшылыққа жеткізу.

Ақиық ақынның «Қазақ жері», «Үш бақытым», «Қазақстан», «Алтай-Атырау» және басқа да өлеңдері, поэмаларымен қатар, белгілі суретшілер Ж.Қайрамбаев, Д.Қасымов, Б.Бүрдесбековтің «Абай», «Құрманғазы», «Жамбыл», «Мұқағали»,  «Тылсым сезім» және «Тұңғұйық. Балуан Шолақ пен Ғалия», т.б. жаңа туындылары да бар.

Сонымен қатар, кейіннен табылған, 1965 жылғы 13 тамызда «Қазақ әдебиеті» газетінде басылған, Абайға арналған «Дала данышпаны» өлеңі де беріліп отыр.

Күнтізбені өнер, тіл жанашыры, «Отырар ауданының Құрметті азаматы» Берік Желдікбаев пен «Дорстрой» ЖШБ басшысы Мұрат Тлеулиевтің бірлескен тобы шығарды. Оған Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы және Т. Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясының кызметкерлері де атсалысты.

 

 

Басты сөздер: Мәдениет,
Жоғары қарай