Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Мұнай бағасы айтарлықтай қымбаттады

2019 жылдың 19 маусым 2019 07:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,38 долларға қымбаттап, 62,31 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) шілде айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1,97 долларға көтеріліп, бір баррелі 53,9 доллар болды.

Жоғары қарай