Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Мыңға тарта елордалық интернет-алаяқтарға алданып қалды

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 17:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері интернет арқылы жасалатын алаяқтықтан зардап шеккен мыңға тарта елордалық полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Қылмыстық полиция қызметкерлері аталған қылмыстарды жасайтын 40-қа тарта адамды ұстады. 400-ге тарта интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың жолы кесілді. Ашылмаған қылмыстар бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлайды департаменттен.

Полиция алаяқтықтың ең көп тараған түрі – «Интернет-банкинг» қызметі арқылы жүргізілетінін ескертеді. Қазіргі уақытта банк картасы бар кез келген адамның аталған қызметті пайдаланытыны рас.

«Алаяқтар интернет арқылы сіздің жеке кабинетіңізде авторизация жүргізген кезде оған тіркелген абоненттік нөмірге СМС-хабарлама арқылы бір реттік кілт сөз келіп түседі. Әдетте, ол 5-6 саннан тұрады. Аталған кілт сөздің көмегімен алаяқтар сіздің шотыңызға қол жеткізіп, ақшаңызды өз пайдасына жарата алады», - дейді полицейлер.

Кілт сөзге ие болу үшін алаяқтар әртүрлі амал-әдістерге баратын көрінеді. Мәселен, олар адамдарға қоңырау шалып, банк қызметкері ретінде танысады. Әңгіме барысында олар картаның реквизиті мен бір реттік кілт сөзін сұрайды. Осыдан кейін жоғарыда аталған жоспарымен қылмысты іске асырады.

Жыл басынан бері интернеттегі алаяқтар кей жағдайда 50 мың теңге, кей жағдайда 15 млн теңгеге дейін ақша жымқырып кетіп отырған.

Полиция азаматтарды сақ болуға, банк картасының мәліметтерін ешкімге бермеуге шақырады.


Жоғары қарай