Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

NASA астронавтары ашық ғарышқа шықты

2019 жылдың 22 тамыз 2019 04:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - NASA астронавтары Ник Хейг мен Эндрю Морган 21 тамызда Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) ХҒС Harmony америкалық сегментінде жаңа түйісу қондырғысын орнату үшін ғарышқа шықты, деп хабарлайды NASA.

Жаңа International Docking Adapter түйістіру құрылғысын станцияға шілде айында жеткізген болатын. Ол орнатылғаннан кейін коммерциялық корабльдердің ХҒС америкалық сегементтерімен түйісуіне мүмкіндік тумақ. Бұл жолғы ашық ғарышқа шығу Ника Хейганға - үшінші, ал Эндрю Морганға бірінші рет болды.

Қазіргі уақытта ХҒС-тің негізгі экипажына ресейлік Алексей Овчинин мен Александр Скворцов, астронавтар - Ник Хейг, Кристина Кох, Эндрю Морган (NASA) және Лука Пармитано (Еуропалық ғарыш агенттігі) кіріп отыр.

Басты сөздер: Ғарыш,
Жоғары қарай