Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Непал Эверест шыңын қоқыстан тазалауға әскерилерді жұмылдырмақ- ВВС

2020 жылдың 17 ақпан 2020 02:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Непал альпинистері Эверест пен Гималайдың тағы бес шыңынан 35 мың килограмм қоқыстан тазарту жоспарын орындай алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Непал үкіметі бұл міндетті орындауға әскерилерді жұмылдыратын болды. Бұл үшін 7,5 млн доллар қаражат жұмсалады. Былтыр олар өңірден 10 мың кг қоқыс алып шыққан.

«Дегенмен, әскерилердің шыңға шығуға қажетті тәжірибесі жоқ. Сондықтан олар аса биікке шыға алмаған. Мұндай биіктікке тек гидтер мен альпинмстер шыға алады, сол себепті оларға ақша төлеп, осы міндеттерді орындатқан жөн», - деп жазады автор.

Оның айтуынша, 2019 жылы Эвересте 11 адам қаза тапқан. Олардың денесі тауда қалғандықтан, бұл тазалау жұмыстарында да ескерілуі тиіс. Тіпті, адам денесі мен қоқыс ондаған жыл бойы мұз бен қардың астында жатқан жағдайлар да бар көрінеді.

«Үкімет шыңға шығып, қоқыс жинау жұмыстарында кәсіби біліктілік те қажет болатынын ескеруі керек», - дейді альпинистер.

Непал үкіметі таудағы қоқысты азайту үшін де шаралар қолға алған.

«Мысалы, альпинистерден 400 доллар алым жиналады. Егер олар қоқысты өздерімен алып келсе, бұл ақша кері қайтарылады», - деп жазады автор.

Ал Непал альпинистері қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, ауыр цилиндрлер мен мәйіттерді төмен түсіру өте қиын.



Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай