Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Нидерландыда трамвайда белгісіз біреу оқ жаудырып, бірнеше адам жарақат алды

2019 жылдың 18 наурыз 2019 20:03 816

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерландының Утрехт қаласында трамвайда болған атыс салдарынан бірнеше адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат EFE-ге сілтеме жасап.

Полиция мен санитарлық авиация қызметінің дерегіне сәйкес, оқиға 10:45-те 24 қазан күні болған.

«Оқғиа Утрехт қаласында Октоберплейн 24 мекенжайында болды. Бұл туралы 10:45-те хабарланды. Бірнеше адам жарақат алды. Оқиға болған аумақ қоршауға алынды, қазір тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады полиция Туиттерде.

NOS агенттігінің хабарлауынша, құрбандардың нақты саны әзірге белгісіз.

Нидерландының қауіпсіздік және терроризмге қарсы күрес агенттігі де тергеуге тартылды. Утрехт провинциясында террористік қауіптілік деңгейі 5-ке дейін көтерілді.

Оқиға орнанда қарулы полицейлер бар. Санитарлық авиация қызметі атыс болған жерге үш тікұшақ жіберді.

«Куәгерлердің айтуынша, ер адам қаруын шығарып, бәріне оқ жаудырған. Кейін оқиға орнынан кетіп қалған», - деп хабарлады полицияда. Олар Renault Clio қызыл түсті көлікті іздеп жатыр.

Жергілікті БАҚ полицияның әзірге ешкімді тұтқындамағанын хабарлады.

Айта кетейік, Утрехт қаласы - Амстердамнан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан Нидерландыдағы ауқымы бойынша төртінші қала. 

 

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай