Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Нобель сыйлығының лауреаты Марри Гелл-Манн өмірден озды

2019 жылдың 25 мамыр 2019 10:16 683

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-та 89 жасында физик, Нобель сыйлығының лауреаты Марри Гелл-Манн қайтыс болды. Бұл туралы  жұма, 24 мамыр күні Санта-Фе Институтының сайтында жарияланды.

«Осынау ауыр минутта ғалымның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз»,-делінген хабарламада.

Гелл-Манн Нью-Йоркте 1929 жылы туған. 15 жасында Йельск университетіне оқуға барады, соңынан Массачусетск технология институтының аспирантурасына түсті.

23 жасында физиканың қарапайым бөлшектер саласында революция жасап, каондар мен гиперондар сияқты қарапайым бөлшектерге түсініктеме берген жұмысын жариялады.

1969 жылы Гелл-Манн қарапайым бөлшектердің өзара әрекеттестігі мен жіктеліміне қосқан үлесі үшін физика саласында Нобель сыйлығын алды.

 

 

Басты сөздер: Әлем, Ғылым,
Жоғары қарай