Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 385.96
EUR 423.78
RUB 6.03
CNY 54.16

«Nur Otan» фракциясының қатысуымен Үкіметтің арнайы отырысын өткізу қажет - Тұңғыш Президент

2019 жылдың 21 тамыз 2019 12:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракциясының қатысуымен Үкіметтің арнайы отырысын өткізу қажет. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партияның Мәжілістегі фракциясының қатысуымен Үкіметтің арнайы отырысын өткізуді және қалған мәселелерді талқылауды ұсынамын. Мұнан Үкіметке тек пайда бар. Және де шешілмеген мәселелерге басымдық бере отырып, жұмыстардың нәтижесін жария түрде баяндау керек», - деді Елбасы.

Қазақстан Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясы мен Үкімет бірлесе жұмыс істеуі қажеттігін баса айтты.

«Біз бір ортақ мәселені – қазақстандықтардың әл-ауқаты мен еліміздің Тәуелсіздігі мақсатын шешеміз. Бөліп-жаратын ештеңе жоқ. Мұндай шешімдер халықтың мүддесі үшін, халық үшін қабылданады. Демек, бұл мәселелерді бірлесіп шешуіміз қажет», - деді Н.Назарбаев.

Жоғары қарай