Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 13:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Саяси кеңестің аймақтық бюросының ұсынысымен «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Эльдар Күзенбаев тағайындалды.

Э.Қ.Күзенбаев 1982 жылы туған. Құқықтану мамандығы бойынша Қостанай мемлекеттік университетін және Қостанай инженерлік-экономикалық университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қостанай облысы Қарабалық және Қостанай аудандарында әділет басқармасының басшысы, Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары, Сарыкөл ауданының әкімі болды. 2018 жылдың шілде айынан бастап Э.Күзенбаев Арқалық қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы қызметтерін атқарды.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның жұмысын жандандыру және кадрларды жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бұған дейін Ерлан Каналимов Нұр-Сұлтан қаласындағы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. Сондай-ақ, Түркістан және Батыс Қазақстан, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы филиал төрағасының бірінші орынбасарлары да ауысты.

Басты сөздер: Тағайындау, Nur Otan партиясы,
Жоғары қарай